Бос орынға лауазым » "Күншуақ" бөбекжай-бақшасы
Жамбыл ауданы "Шолаққарғалы ауылдық
округі әкімінің аппараты" комуналдық мемлекеттік мекемесінің
"Күншуақ" балабақшасы коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 536-03-09
Есепші бөлімі:
+7(707) 536-03-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ноябрь
2025

Бос орынға лауазым

[«Алматы облысының білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік   мекемесінің  «Күншуақ» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік  қазыналық кәсіпорыны  уақытша бос лауазымға конкурс жариялайды


Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қасымбек ауылы, Бәйтерек көшесі 28 Б . Пошталық мекенжайы: 040619.

Телефон  нөмірлері: 87277050548; 87762797755

Электрондық  пошта: Kunshuak2010@inbox.ru

Бос лауазымның атауы   мектепке дейінгі мекеме қазақ тілі мүғалімі         (24 сағат);

Жалақының төлеу мөлшері– 150 000 теңгеден -200 000теңгеге дейін

Жұмыс түрі –уақытша

Оқыту тілі - қазақша

Білімі :  бакалавр немесе арнаулы орта,  

Мамандығы: қазақ тілі мүғалімі         

Лауазымдық міндеттері: оқытылатын тілдің ерекшелігін ескере отырып, балаларды оқытуды жоспарлайды және ұйымдастырады;

      қазақ, орыс тілдерін меңгеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізеді;

      мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, олардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді;

      оқытудың түрлі формаларын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын сауатты қолданады, инновациялық технологияларды меңгерген;

      жоспарлауға ғылыми-әдістемелік тәсілді жүзеге асырады, дамытушы оқытуға орната отырып, сабақтарға бағдарламалық материалды пысықтайды және түзете алады;

      бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;

      әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымдарында балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады, кәсіби құзыреттілікті арттырады;

      тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жауап береді.

       27. Білуге тиіс: 

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; 

      педагогика және психология негіздері, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

      балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқаулық талаптар;

      еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар;

      дәрігерге дейінгі медициналық көмек негіздері.

       28. Біліктілікке қойылатын талаптар: 

       жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; 

      және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.

      29. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог":

      қазақ, орыс тілі мұғалімдеріне қойылатын талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:

      бағдарламалық материалдың мазмұнын білу;

      мектепке дейінгі тәрбие әдістемесін білу;

      жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыру;

      дағдыларды дамыту деңгейін диагностикалауды жүргізу;

      МДҰ-ның әдістемелік жұмысына қатысу;

      инновациялық тәжірибені зерттеу;

      баланың дамуындағы заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны рәсімдеуге қатысу;

      ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану;

      тәрбиеленушілердің жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, тәрбиеленушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын пайдалану, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;

      2) "педагог-модератор":

      "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      бағдарламалық материалдың мазмұны мен құрылымын білу;

       инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану; 

      әртүрлі жас топтарында дағдыларды дамыту деңгейін диагностикалауды жүргізу;

      әдістемелік жұмысқа қатысу: білім беру ұйымдарындағы педагогикалық кеңестерге қатысу, баланың дамуындағы пәндік-кеңістіктік дамытушы ортаны қайта құруға, әдістемелік бірлестіктер, семинарлар, конференциялар қызметіне белсенді қатысу;

      кәсіби біліктілігін арттыру;

       білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау; 

      білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

       3) "педагог – сарапшы": 

      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруда әдістемелік жұмысқа, аудан, қала деңгейіндегі іс-шараларға қатысу:

       педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеу, өзінің кәсіби біліктілігін арттыру; 

      ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану, тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өз әріптестерін және кәсіби даму басымдықтарын айқындау, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау, аудан/қала деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

      4) "педагог-зерттеуші":

       "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: 

       оқу бағдарламаларын, оқыту әдістемелерін әзірлеу дағдылары мен дағдыларын пайдалану; 

      аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;

      балалардың зерттеу дағдыларын дамыту;

       балалардың қалалық, облыстық байқауларға қатысуын жүзеге асыру; 

       тәлімгерлікті қолдану; 

       көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пайдалану; 

      мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін қолдану;

      аудан, қала деңгейінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік әзірлемелері болуы тиіс;

      оқушылардың зерттеу дағдыларын пайдалану және бағалау құралдарын әзірлеу, оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде тәжірибені жинақтау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

      5) "педагог-шебер":

       "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: 

       жаңа бағдарламалар мен педагогикалық технологияларды игеру бойынша эксперименттік жұмысқа қатысу; 

      республикалық деңгейдегі шығармашылық конкурстарға қатысу қорытындысы бойынша балалардың жетістіктері болуы;

      республикалық деңгейдегі әдістемелік жұмысқа, республикада тәжірибені трансляциялау мен енгізуге белсенді қатысу;

      РОӘК мақұлдауын алған оқу-әдістемелік құралдардың, баспадан шыққан бағдарламалардың авторы (тең авторы) немесе авторлық бағдарламасының болуы;

      жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушыларды дайындау.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) осыҚағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесетойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 баллкөрсеткішібарсертификат;

       11) осыҚағидаларға 12, 13-қосымшаларғасәйкеснысанбойыншапедагогтіңбоснемесеуақытшабослауазымынакандидаттыңтолтырылғанбағалаупарағы;

      12) жұмысорнынан (педагоглауазымыбойынша), оқуорнынанұсынымхат.



Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі   2025 жылдың  6 қараша – 13 қараша күндері аралығында жүргізіледі.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив