Бос лауазымға конкурс

«Алматы облысының білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Күншуақ» бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны уақытша бос лауазымға конкурс жариялайды
Алматы облысы Жамбыл ауданы Қасымбек ауылы Байтерек көшесі 28Б . Пошталық мекенжайы: 040619.
Телефон нөмірлері: 87277050548; 87075360309; Электрондық пошта: kunshuak@inbox.ru
Бос лауазымның атауы- логопед (24 сағат);
Жұмыс түрі – уақытша
Оқыту тілі – қазақша-орысша
Білімі : бакалавр немесе арнаулы орта, Мамандығы:логопед.
Лауазымдық міндеттері: Баланың дене, психикалық, сөйлеу, неврологиялық мәртебесін ескере отырып, ерекше білім беру қажеттілігін бағалауды жүзеге асырады, баланың сөйлеу және психофизикалық дамуына тексеру жүргізеді, құжаттаманы жүргізеді және талдайды.
Жеке оқу, жеке-дамыту бағдарламаларын әзірлейді, әртүрлі білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.Тәрбиешілермен және басқа да мамандармен тығыз байланыста топтық және жеке және түзету, бұзылған функцияларды қалпына келтіру және ерекше білім беру қажеттілігі бар тәрбиеленушіні әлеуметтендіру бойынша қызметті жүзеге асырады. Педагогтерге, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жөнінде кеңес береді. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, стандарт талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлерін, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын қолданады. Арнайы білім беру бағдарламаларын іске асырады. Кәсіби біліктілігін арттырады. Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, семинарларға, конференцияларға қатысады.Қажетті құжаттаманы жүргізеді. Ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгерген.Қоғамның мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды. Тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін; психология және педагогика, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелерді; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық құжаттарын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:тиісті бейінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курсынан өткендігін растайтын құжат немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды. Біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 3 жыл, педагог-шебер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.Біліктілігі орта деңгейлі болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымында жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.
1) "педагог" (санаты жоқ): педагогке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі керек:
Үлгілік бағдарламаның мазмұны мен құрылымын білу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдіснамасын білу; жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру мен оқытуға жеке көзқарас жүргізу; бірлескен перспективалық жоспар мен циклограмма жасау; оқушылардың білім, білік және дағдыларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты деңгейінен төмен болмауын қамтамасыз ету; ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен қарым-қатынас жасау; әдістемелік жұмыстарға қатысуға; балалардың дамуын диагностикалау; білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгереді, сандық білім беру ресурстарын қолданады.
2) "педагог-модератор":"педагог" (санаты жоқ) санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі керек: Стандартта қарастырылған балалардың білім, бейім және дағдыларды алуын қамтамасыз ету, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдіснамасын білу және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуге жеке көзқарас енгізу, перспективалық жоспар мен циклограмма жасау, инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, аудандық, әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың жұмысына қатысу, өзінің кәсіби біліктілігін арттыру, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибе жинақтау, білім беру ұйымдары деңгейінде тәжірибені кеңейту, білім беру ұйымдары деңгейінде байқаулар мен жарыстарға қатысушылары болуы қажет.
3) "педагог-сарапшы": "педагог-модератор" санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс: Стандартта көрсетілген тәрбиеленушілердің білім, бейім және дағдын алуын қамтамасыз ету, перспективалық жоспар және циклограмма әзірлеу, балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажет балаларды, диагностикалау тетігін меңгеру, балалардың зерттеу дағдыларын дамыту,балалардың аудандық, қалалық, конкурстарға қатысуын жүзеге асыру, әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу, өзінің кәсіби біліктілігін арттыру, ұйымдастырылған оқу қызметтерін талдау дағдысын меңгеру, тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтау, білім беру ұйымы деңгейінде жеке және әріптестерін, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау, аудан/қала деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы.
4) "педагог – зерттеуші":"педагог-сарапшы" санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс: аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу; балалардың зерттеу дағдыларын дамыту; балалардың қалалық, облыстық конкурстарға қатысуын жүзеге асыру; тәлімгерлікті тәжірибе енгізу, көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен қарым қатынас жасау дағдыларын меңгеру;мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану; аудан, қала деңгейінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мәселелері бойынша әдістемелік әзірлемелердің болуы; сабақтарды зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру, тәрбиеленушілердің зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде Педагогикалық қоғамдастықтағы даму стратегиясын конструктивті анықтау, облыс/республикалық маңызы бар және елорда қалалар деңгейінде тәжірибені жинақтау;
облыс/республикалық маңызы бар және елорда қалалар деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы.
5) "педагог-шебер":"педагог-зерттеуші" санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс: облыстық және республикалық немесе халықаралық деңгейдегі семинарларға, конкурстар мен конференцияларға қатысу, оқу бағдарламаларын, тәрбиелеу және оқыту әдістемелерін әзірлеу бейімі мен дағдыларын меңгеру; балалардың қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға қатысуын жүзеге асыру, тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушысы болып табылады немесе республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушыларды даярлау.
Қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
12) Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі 2023 жылдың 19-29 мамыр күндері аралығында жүргізіледі.